ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ - Режиссер Ермек Тұрсынов: Көшбасшылыққа ұмтылған елде зиялы қауымға күш қолдануға болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 501.31
  • 520.11
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ - Режиссер Ермек Тұрсынов: Көшбасшылыққа ұмтылған елде зиялы қауымға күш қолдануға болмайды

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ - Режиссер Ермек Тұрсынов: Көшбасшылыққа ұмтылған елде зиялы қауымға күш қолдануға болмайды

Белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың пікірінше, биылғы жылдың айтулы оқиғалары мынадай:

  • 28 Желтоқсан 2012
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Мен үшін Болат Атабаевтың түрмеге тоғытылмағаны маңызды болды. Саясаткерлерді, жемқорлар мен қылмыскерлерді түрмеге қамаса түсінікті, ал суретшілерді қамауға болмайды.

Көшбасшылыққа ұмтылған өркениетті ел суретшілерін, өнер қайраткерлерін түрмеге отырғызатын болса ешқашан 30 немесе 50 ұлы мемлекет қатарына енбейді. Зиялы қауымға күш қолданбай, олармен тіл табысуға қажет.
Бізде режиссер көп, ал Атабаев біреу.
Мен үшін маңызды оқиғаның енді бірі — «Шал» картинасы шықты, халық оны көрді.
Көрермен отандық фильмдерге бара бастады. Бұл да биылғы жылдың жетістігі. Ол дегеніңіз «Виртуалды махаббат», «Жаужүрек мың бала», «Студент» және т.б. Соңғы жылдары бізде өз киномыз жоқ деген пікір қалыптасты. Әсте олай емес!
Мен үшін қазақ киносының көрермен келмейтін кезеңнен өтуі өте маңызды. Мұны дамыту жағы бөлек әңгіме.
Мен үшін тағы бір маңызды нәрсе — «Шал» картинасында басты рөлді сомдаған режиссер Ерболат Тоғызақовтың пәтер алуы. Енді ол өз үйінде тұрып жатыр.
Адамдардың ақша жинап, аттарын айтпауымыздың өтініп, қартқа үй сатып әперуі құптарлық іс. Ендеше, елде жақсы адамдар бар, бәрі құрып біткен жоқ, яғни үміт үзілген жоқ деген сөз.
Дегенмен, жыл өте қиын болды. Көптеген қайғылы оқиғалар орын алды және сондай жағдайлар қайталанбаса деймін. Ең бастысы жақсылықтан күдер үзбеу керек, мойымаған жөн».