Жыл сайын темекі шегудің зарарлы салдарынан 25 мыңнан астам қазақстандық көз жұмады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл сайын темекі шегудің зарарлы салдарынан 25 мыңнан астам қазақстандық көз жұмады

Жыл сайын темекі шегудің зарарлы салдарынан 25 мыңнан астам қазақстандық көз жұмады

Бүгін - Дүниежүзілік темекісіз күн. Халықаралық темекі тартумен күрес күніне орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде баспасөз мәслихаты болып өтті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 1045
Фото - Caravan.kz

«Дәл осы күні Дүниежүзінде темекісіз күн атты акциялар өтіп жатыр. Жалпы темекі мәселесі біздің еліміз үшін, оның ішінде қазақстандықтардың денсаулық сақтау жүйесі бойынша аса көкейтесті проблеманың бірі болып табылады. Есебіміз бойынша жыл сайын темекі салдарынан 25 мыңнан астам қазақстандық көз жұмады. Ал дүниежүзілік есеппен қарағанда жыл сайын 19 млн. адам темекі салдарынан туындайтын әртүрлі аурулардан жапа шегіп, қайтыс болып жатыр. Сондықтан да, адамзат үшін аса үлкен проблемалардың бірі болып табылатын темекі тартумен күресті одан сайын жетілдіре түсудің маңызы зор», — деді жиын барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік темекісіз күнінің биылғы тақырыбы шаралары Темекіге қарсы күрес жөніндегі Денсаулық сақтау ұйымының Негізгі конвенциясына арналып отыр. Бұл ретте Қазақстан темекі індетін шектеудің қажеттілігін сезіне отырып, ұлттың саламаттылығын арттыру бағытында 2006 жылы жоғарыда аталған Негізгі конвенцияны қабылдаған болатын. Бұдан бөлек, 2009 жылы қабылданған «Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс пен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде де темекіге қарсы мәселелер қамтылып отыр.

Аталған шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазақстандық бюросының жетекшісі Мелита Войнович, «Темекі түтінінен еркін Қазақстан үшін!» Ұлттық коалициясының басшысы Жәмиля Садықова қатысып, жиын барысында темекіге қарсы күрес аясындағы тың бастамалар жайында әңгіме өрбіді.