Жыл сайын интернет алаяқтар әлем бойынша 500 миллиард доллар көлемінде "табыс" табады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл сайын интернет алаяқтар әлем бойынша 500 миллиард доллар көлемінде "табыс" табады

Жыл сайын интернет алаяқтар әлем бойынша 500 миллиард доллар көлемінде "табыс" табады

Кейбір сарапшылар интернет алаяқтықпен күресу есірткімен күресуден де қиын деп бағалаған.

  • 12 Ақпан
  • 9
Фото: gov.kz

Қазіргі кезде интернет алаяқтық, скаммерлер деп аталатын қылмыс түрі, әлем елдері үшін үлкен мәселеге айналды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбайдың айтуынша, жыл сайын алаяқтар 500 млрд доллар көлемінде табыс табады.

Соңғы айларда The Economist басылымы бұл тақырыпты кең көлемде зерттеп, біршама материал жариялап келуде. Интернет алаяқтарына PhD докторлар мен профессорлардан бастап, қарапайым азаматтарға дейін алданған. Тіпті, бұл салада ағылшын тілінде pig-butchering (Scam Inc) деген ұғым қалыптасты. Қазақша бұл «доңызды соғымға дайындау» дегенге келеді. Тікелей болса, «нысанадағы шошқа».

Алаяқтық стратегиясы өте қарапайым: әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашып, «нысаналы топтарын» іздеуге кіріседі. Түрлі сілтемелер мен ақпараттар жіберіп, көп жағдайда қыз бен жігіттің байланыс форматы арқылы сенімге кіреді. Әрі қарай, арнайы топ «доңызды» дайындап, криптовалюта, акциялар, бағалы қағаздар нарығында пайда табуды үйретеміз деген сылтаумен алдайды. Құрбан дайын болғанда, барлық ақшасын алып, келесі нысанаға көшеді.

Мысалы, өткен жылдың желтоқсан айында LinkedIn желісінде Эдгар есімді канадалық азамат өзін Рита деп таныстырған «Сингапурлық консалтинг компаниясының қызметкерімен» танысады. Рита бастапқыда Эдгарға криптовалюта арқылы ақша табуды үйретіп, біраз пайда табуына көмектескен. Бір айдан кейін Эдгар ақшасын шешіп аламын дегенде, алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, оның картасынан 78 000 доллар көлемінде несие алынғанын білді. Рита, шын мәнінде, Мьянма түрмесінде отырған филиппиндік жігіт болып шыққан. Бұл тек бір мысал ғана.

Интернет алаяқтық негізінен Камбоджа, Вьетнам, Мьянма елдерінде үлкен индустрияға айналыпты. Бұл бизнестің негізгі басшылары – қытайлықтар дейді кейбір басылымдар. Мысалы, Филиппинде ұсталған Алиса Гуо есімді интернет алаяқтар тобының жетекшісі 2019-2024 жылдар аралығында 400 миллион доллардан астам қаражат айналдырған.

Кейбір сарапшылар интернет алаяқтықпен күресу есірткімен күресуден де қиын деп бағалаған. Себебі алаяқтар күн сайын стратегияларын жетілдіріп, жаңартып отырады екен. Екіншіден, жеңіл ақшаға құмар адамдарды емдеу мүмкін емес.

«Бір пирамидаға ақша салып алданған адамдар тағы басқа жүйелерді іздейтіні сияқты. 1-2 жыл бұрын, жаңалық шыққан еді. Қазақстанда, қаржы пирамидасына алданған азаматтардың телеграм тобында, беруі жазған, жолдастар, тағы қандай варианттар бар, ақша салуға деп. Себебі, жүз теңгені ешбір еңбек етпей екі жүз теңге етемін деген психологиялық түсініктері азаматтар, нағыз скаммерлердің әлеуетті клиенті», — деп пікір білдірді маман.

Жасанды интеллектінің жаппай қолданылуы интернет алаяқтар үшін мүлдем жаңа құралға айналған. Мысалы, былтыр Гонконгтағы британдық компанияның басшылығының бейнесін ЖИ арқылы жасап, алаяқтар 25 миллион долларды өздеріне аударып алған. Бас бухгалтері өзі аударған екен, басшылық бұйрығына сай.

Шешімі қандай?

Қазіргі уақытта әрбір ел өзінің цифрлық алаңын қорғауға тырысып бағуда. Бірақ, ортақ реформа мен заңнамалар қабылданып боламын дегенще, алаяқтар екі қадам алда кетіп қалуда.

Мысалы, Сингапур тәжірибесі тиімді шешімдердің бірі ретінде қарастырылады екен. Сингапурда, ЖИ арқылы шоттардың күмәнді әрекеттері анықталса, олар уақытша бұғатталады.

Қалай десек те, интернет алаяқтық – XXI ғасырдың жаңа қылмыс түрі.

«Сіздердің де жеке мессенджерлеріңізге, электронды пошталарыңызға шығу тегі белгісіз хабарламалар күн сайын келіп жатыр. Тегі бітпейтін аккаунттар. Мүмкін, әлеуметтік желіге барлық адам тек паспорты арқылы тіркелсін деген ереже енгізу керек шығар», — деп қорытындылады сарапшы.

Перейти к новостям спорта