Жыл соңына дейін Байқоңырдан төрт «Протон» ұшырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл соңына дейін Байқоңырдан төрт «Протон» ұшырылады

Жыл соңына дейін Байқоңырдан төрт «Протон» ұшырылады

Жыл соңына дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан төрт «Протон» зымыраны ұшырылады.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 372
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне ғарыш саласындағы ақпарат көзі хабарлады.
«Протон-М» зымырандарын ұшыру кестесі тапсырыс берушілермен келісілген. Биылғы жылдың соңына дейін төрт зымыран ұшырылады. Оның бірі шетелдік тапсырыс берушінің, екіншісі Ресей Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен ұшырылмақ», — деді ол.
Айтуынша, 14-қыркүйекте ұшырылатын «Протон-М» зымыраны «Экспресс-АМ8» телекоммуникациялық жер серігін орбитаға шығаруы тиіс.
Қазанның тоғызында аталған зымыран-тасығыш түріктің Turksat-4B жер серігін алып ұшады.
Қараша айында «Протон-М» зымыраны екі рет ұшырылмақ. Оның бірі шетелдік тапсырыс берушінің, екіншісі Ресей Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылады.
Желтоқсанда улы зымыран ұшырылмайды.

Соңғы жаңалықтар