Жыл соңына дейін елімізде сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі дербес агенттік құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл соңына дейін елімізде сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі дербес агенттік құрылады

Жыл соңына дейін елімізде сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі дербес агенттік құрылады

Жыл соңына дейін елімізде сыбайлас жемқорлықпен және экономикалыық қылмыстармен күрес жөніндегі дербес агенттік құрылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-дегі сенімді ақпарат көзінен мәлім болды.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 452
Фото - Caravan.kz

Алдын-ала көзделгендей, тікелей Елбасына бағынышты болатын жаңа құрылымды құру туралы жобаны Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс тобы ортаға салған.

Сыбайлас жемқорлықпен және экономикалыық қылмыстармен күрес жөніндегі дербес агенттік ҚР ІІМ-нің 9-басқармасы мен ҚР қаржы полициясы Агенттігінің негізінде дүниеге келеді деп күтілуде.
Тағы бір мәлім болғаны, ҚР ІІМ-нің құрамында бұрынғы есірткі саудасымен күрес жөніндегі департаменті мен ҚР әділет министрлігінің жанындағы осындай комиттеттің негізінде есірткі саудасымен күрес жөніндегі жеке комитет құрылмақшы. Жаңа мекеме есірткі саудасымен, есірткі және прекурсор заттарды заңсыз өндірумен және олардың айналымымен күрес функциясын , сондай-ақ, есірткілік заттардың медицина және өнеркәсіп саласындағы айналымына жалпылама бақылау қою функциясын атқарады.
Сондай-ақ, жұмыс тобының жобасына сәйкес, 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап тергеу абақтыларын ҚР ІІМ-нің құрылымынан әділет министрлігінің қарамағына беру шарасы жүзеге асырыла бастайды. Ал 2004-жылдың 1-мамырынан бастап жеке куәліктерді тарату функциясы әділет министрлігіне беріледі. Автокөлік құралдарын тіркеу функциясын ҚР ІІМ-нің жол полициясы департаментінде қалдыру ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар