«»Сбербанк» акцияларына сертификат пен индекстік фонд секілді жаңа екі құрал шығару барысында біз еліміздегі нормативтік база бұл құралдарды өз алаңымызға шығаруға мүмкіндік бермейтінін біліп, тауқыметке тап болдық. Қазір біз Қаржылық бақылау агетнтігімен бірлесіп осындай нормативтік базаның жобасын жасап жатырмыз», -деді А. Арыстанов.
Сонымен бірге, оның айтуынша, тиісті нормативтік базаның жобасын жасаумен қатар, «салықтық ынталандырулар да жоқ екендігі анықталды».
«Салық мамандарының оны қалай есепке алу қажеттігінен түсінігі де, тәжірибесі де жоқ. Сол себепті біз биыл туынды құнды қағаздардың түрлерін айқындау және салық әкімшілігі тетіктерін айқындау жұмыстарын аяқтау қажет деген ұсыныс жасадық», — деді агенттік төрағасы.
Сонымен бірге, оның айтуынша, «заңнамада компаниялар үшін емес, көбінесе инвесторлар үшін ғана салықтық ынталандырулар болған».
«Бірақ инвесторлар алуға тұрарлық құрал болса, онсыз да сатып алады. Сондықтан біз эмитенттер үшін ҚҚС азайту, кіріс салығын азайту секілді салық ынталандыруларын жасауды ұсындық. Қазір үкімет осындай шаралардың жобасын жасауда», — деді А. Арыстанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті