Жыл соңына дейін он сүт фермасы іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл соңына дейін он сүт фермасы іске қосылады

Жыл соңына дейін он сүт фермасы іске қосылады

Елімізде жыл басынан бері 15 тауарлық сүт фермасы іске қосылды. Жыл соңына дейін қосымша 10 сүт фермасын іске қосу жоспарланып отыр.

  • 4 Желтоқсан 2018
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде берген есебінде мәлімдеді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының салалық «сүт бағдарламасы» сүт өндіру көлемін он жылда 1 млн тоннаға арттыруды көздейді.

«Мақсатқа жетудің индекативті көрсеткіштері айқындалды. 2027 жылға дейін қуаттылығы 400 басқа дейін жаңа 527 отбасылық-тауарлық сүт фермасын, қуаттылығы 400 бастан жоғары 139 өндірістік-тауарлы сүт фермасын ашу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың өзінде 15 тауарлық сүт фермасы іске қосылды. Оның жалпы қуаттылығы 7400 басты құрайтын өндірістік, 5-еуі отбасылық. Жылдың аяғына дейін жалпы қуаттылығы 4,5 мың басты құрайтын қосымша он ферманы іске қосу жоспарлануда», — деп айта кетті Евниев.

Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау өнімдерінің арқасында бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ұйымдасқан шаруашылықтарда сүт өндіру көлемі он айда 1 млн 300 мың тоннаны құраған. Ал 2017 жылы ұйымдасқан шаруашылықтар 900 мың тонна өндірген.


«Ұйымдасқан шаруашылықтар бізге сүттің негізгі бөлігін береді. Мысалы, осы шаруашылықтар 2017 жылмен салыстырғанда 10 айдың ішінде 7,8 пайызы көп сүт өндірді. Бұл өңдеуге келіп түскен нақты есептелген сүт. Бұл ретте жеке шаруашылықтар осы кезеңде небәрі 1,9 пайызға ғана артық сүт өндірді»,- деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

 

 

Соңғы жаңалықтар