Видеоны өзінің жеке парақшасында жариялаған журналист Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, ер адам өзі ұрып-соғып қуып жіберген әйелін үйіне қайтару мақсатында қоқаң-лоқы көрсетіп, «келмесең қызды ұрамын» деп видео жолдаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Видеодан өз перзентін аяусыз ұрып жатқан ер адамның кішкентай қызға «жылама, жыласаң ұрамын» деп бірнеше мәрте ескерту жасағанын да анық байқауға болады.
«Біртуған қазақ пен қырғыз қатыгездік, зорлық-зомбылық жағынан бір-бірінен қалысар емес. Қырғызстанда да әйелді өлімші етіп сабау, құлақ-мұрнын кесіп алу, ұрып өлтіру үдеп келеді. Енді тирандар өзінің туған қыздарына көшті.

Оқиға көрші елдің Ноокен аумағында болған. Әйелін ұрып-соғып қуып жіберген мына әкесымақ қайтпасаң қызды ұрамын деп қоқан-лоқы жасап видео жіберген. Полиция 41 жастағы еркекті қамағанын естіп уһ дедім. Бұл видеода мына кішкентай қыздың бауырын аядым. Шамамен, 8-9 жасар ұл бала іштей тістеніп, әкесіне қой деуге бата алмай, жастықты бетіне жауып, бүк түсіп артында жатыр», — деп жазды журналист.