Жарияланды: 450

Жылдамдықты асырған көлік жүргізушілерінің 60 пайызға жуығы пара береді екен

«Қазпотребнадзор» қоғамдық бірлестігі жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің онлайн-сауалнамасына қатысқан жүргізушілердің 58 пайыздан астамы жылдамдықты асырған жағдайда жауапкершіліктен пара беріп құтылатынын айтқан.

«Көбіне біздің жүргізушілер жылдамдық талабын бұзған жағдайда проблеманы ақшамен шешеді екен. Сауалнамаға қатысқан жүргізушілердің 58,1 пайызы аталған заң бұзушылықтар үшін пара берген», - делінген комитеттің жұма күнгі хабарламасында. Респонденттердің үштен бірінен астамы (35,13%) жаяу жүргіншіні немесе өзге көліктерді өткізу талаптарын орындамағаны үшін жемқорлық қылмысқа барғанын айтқан. «Жемқорлық заң бұзушылықтар үштігіне бағдаршам белгісін елемеу де кіреді (28,23%)», - делінген хабараламада. Ал, куәліксіз көлік жүргізгендер (7,69%) мен жол полицейінің тоқтау туралы бұйрығын орындамағандар (7,58%) параны аз береді екен. Тоқтау және көлікті қаңтару тәртібін бұзу сынды заң бұзушылықтар халықтан жиналатын айыппұлдар арасында екінші орында тұр. Сұралғандардың 7,28%-ы аталған заң бұзушылық үшін ресми түрде айыппұл төлеген болып шықты. «Бұл жемқорлық заң бұзушылықтар рейтингінде бесінші орында тұр. Мұны, аталған жағдайда жол полицейі мен жүргізушілер арасындағы байланыстың шектеулілігімен түсіндіруге болады», - дейді мамандар. Осыған орай, «Қазпотребнадзор» жол ережесін бұзып, полицейлер көлігіндегі бейне тіркеу құралына тіркелген жүргізушілерге айыппұл жазу жүйесін өзгертуді ұсынады. Қазір жол полициясы қызметкері ереже бұзып, тіркеу құралына түскен жүргізушіні айыппұл жащып беру үшін тоқтатады. «Соның арқасында жүргізуші мәселені сол жерде шешіп кетуге мүмкіндік алады», дейді комитеттегілер. Мамандар полицейлердің жүргізушіні тоқтатуына тыйым салып, айыппұлды пошта немесе интернет арқылы суретімен қосып заң бұзушының өзіне жіберуге міндеттеуді ұсынады. 2012 жылдың соңында жүргізілген онлайн-сауалнамаға еліміздің барлық облыстарындағы 1439 көлік жүргізушісі қатысқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін