Жарияланды: 330

Жылдамдықты шамадан тыс асырған автобус 9 машинаны талқандап кетті

Шымкентте автобус 9 көлікті талқандап кетті. Жол апаты кешкі уақытта, қаланың қақ ортасында орын алып отыр.

№42 бағытта жүретін автобус бағдаршамға тоқтап тұрған көліктерге барып соқтығысқан. Салдарынан 9 темір тұлпарға зақым келді. Қаза тапқандар жоқ. Тек бір көліктің тізгінінде болған келіншекке оқиға орнында медициналық жәрдем көрсетілді. Куәгерлердің айтуынша, жолаушыға лық толған автобустың тежегіші істен шыққан. Зардап шеккен көлік иелері мен жолаушылар айғайдың астына алған соң қоғамдық көлік жүргізушісінің жүрегі сыр беріп, «сырқаттанып», жол сақшыларының сұрақтарына да жауап бере алмады.

Серік Төлендиев, автобус жолаушысы:

- Анау бағдаршамнан шыққаннан қарсы бағытқа шығып кетті бұл. Бағдаршамның қызылы жанып тұрған. Үлгердік ол жерден өтіп. Ол бері қарай алды. Бір кезде ортасындағы талдарды ұра бастады. Жұрттар шулады «тоқтат!» деп. Не жылдамдықтан шықпайды, не қол тежегіші істемейді. Мынаның бәрін сыпырды қазір.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін