Жарияланды: 320

Жылдамдықты шамадан тыс асырған жеңіл көлік жер үйге соғылып бір-ақ тоқтады

Алматыда жылдамдықты шамадан тыс асырған жеңіл көлік жер үйге соғылып бір-ақ тоқтады. Салдарынан 4 адам зардап шекті.

Апат түнгі сағат 3-тер шамасында тіркелген. Субару иесі тізгінге ие бола алмай қалса керек, жол шетіндегі қоршауды бұзып өтіп, жер үйге соғылған. Әйтеуір баспана иелері дін аман. Ал темір тұлпарға тиелген төрт жігіттің барлығы да ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Әсіресе құтқарушыларға үйінді астында қалған көліктен жүргізушіні алып шығу қиынға соққан. Аяғы екі темір ортасында қалып қойыпты. Қазір, мән-жайды жол сақшылары анықтауда. Оқиға куәгерлері темір тұлпар тақымдаған жігіттердің мас болғанын айтып отыр. Ал қираған баспанасын қалпына келтіргенше тұрғындардың туыстарын паналай тұрудан басқа амалы жоқ. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін