Жылдар бойы жасырынған Бурак Озчивиттің сыңары табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.2
  • 557.82
0 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылдар бойы жасырынған Бурак Озчивиттің сыңары табылды

Жылдар бойы жасырынған Бурак Озчивиттің сыңары табылды

Бекир Бекирзаде... Иә, бұл есім мүлде танымал емес. Бірақ өзіне қарасаң әлемнің бірнеше елдеріне «Өшпес махаббат» сериалымен танылған Бурак Озчивиттің өзі дерсің. Бекир Бекирзаде жасы 26 да. Әзербайжандық жас актер. 2016 жылы көшеде кетіп бара жатып, қыздар сен Бурактың сыңарысың ба әлде інісісің ба деген сұрақтар қарша жаудыртқан екен. Бірақ ол кезде Бекир мырза Буракты танымайтындығын жеткізген. Спорт залдан шығар, шықпас интернеттен Буракты іздеп қарап өз көздеріне сенбегендігін айтады.

  • 5 Қаңтар 2020
  • 418
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар Бекир «Өшпес махаббат» сериалынан соң көшеде, дүкендерде жүре алмай қалғандығын айтады.

Ал, қазіргі таңда Бекирдің ең ұлы арманын сұраса:

«Онымен бір фильмге түссек тамаша болар еді.Құйып қойғандай бір-бірімізге қатты ұқсайды екенбіз.Мысалы бауырлар болып мен кішісі, ол үлкені. Тіпті бойымызда да айырмашылық бар, менің бойым 1,72 ал онікі 1,84. Реті келіп Алла бұйыртып жатса тамаша бір фильм болар еді деп ойлаймын.Бурак ағама үлкен сәлем жолдаймын» — дейді.



 

Ал ендеше Бекир мырза арманыңыз орындалып, Бурак Озчивиттей әлемнің бірнеше елдеріне танымал болуыңызды тілеп қаламыз.