Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Мен – екі баланың анасы, көпшілік алдында өзін «энерго-коуч», бизнес тренер, «адамдарға өмір үйретуші» деп таныстырып жүрген Нұрлан Жанайдың әйелімін.
Бұл жазбаны жазбасқа амалым қалмады. Себебі үндемеу – жәрдем беру.
1️⃣ ОПАСЫЗДЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ
4 күн бұрын оның телефонын кездейсоқ қарап , ассистенті – жас қызбен интимдік хаттарын оқып қалдым.
Сол қыз сол күні менің үйімде болды– шай ішті, балаларыма “әпке” болып еркеледі, күліп-ойнап отырды.
Бірақ үйден шыққан соң, екеуі гостиницаға барып, ішіп, төсектес болған.
📌 Менің көзімше мейірімді болып, артымнан барып арамдық жасаған адамды… мен күнде үйіме кіргізіп жүрген екенмін.
2️⃣ БҰЛ – ЖАЙ ҒАНА БІР ҚАТЕЛІК ЕМЕС
Хаттарды оқи келе, бұл – жай бір реттік оқиға емес екенін түсіндім.
Бұрыннан бері жалғасып келген, жүйелі түрде кездестіме қазір бәрін бір Алла біледі. Анығы мен иллюзияда өмір сүріппін. Айналамның бәрі білген. Достары да білгенін айтып жатыр.Қыздарға жазған хабарламалары, скриндері бар. Балаларым үшін ғана салмай отырмын. Өте жиіркенішті.
Ең сорақысы, осы жайтты TikTok пен Instagram арқылы білетін басқа да әйелдер маған өз оқиғаларын жазды.
Яғни, ол тек бір емес, бірнеше қызбен, жылдар бойы көзіме шөп салып, өзін ел алдында «рухани ұстаз» етіп көрсетіп жүрген.
3️⃣ ТЕК ЖҮРЕГІМДІ ЕМЕС – ӨМІРІМДІ ДЕ БҰЗДЫ
Ол тек сатқын емес.
Ол – мені қарызға батырып кеткен адам.
🔒 Шоттары бұғатталған соң, көлікті менің атыма рәсімдеп, кейін ломбардқа қойып жіберді.
Енді көлік те жоқ, ақша да жоқ.
Арыз жазсам ба, жоқ па деп жүргенде, қарыз берген адамдар маған хабарласып, қорқыта бастады.
Мен екі баламен, жылап отырған әйел емеспін – қазір мен күресіп жатқан анамын.
4️⃣ ҚОҒАМ АЛДЫНДА – ПЕРІШТЕ, ҮЙДЕ – ТҮЙЕШІ
Жүз мыңдаған адам оның посттарын оқып, кеңесіне сеніп жүр.
Ол өзін «ақылгөй», «ерлер мен әйелдердің оятушысы», «энергиямен жұмыс істеймін» деп көрсетіп жүр.
Ал шындығында – өз әйеліне опасыз, балаларына жауапсыз, қарызға белшесінен батырып кеткен адам.
Менің үндеуім – “шындықты білмейтіндерге шын бейнесін көрсету”.
Ол енді менің күйеуім емес. Ол енді менің отбасымның бір бөлігі де емес», — деп жазды келіншек.