"Жылдық асын өткізбей той тойлап жүргенің не?": Шетелдік әншінің концертінен көрінген марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы елдің ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жылдық асын өткізбей той тойлап жүргенің не?": Шетелдік әншінің концертінен көрінген марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы елдің ашуына тиді

"Жылдық асын өткізбей той тойлап жүргенің не?": Шетелдік әншінің концертінен көрінген марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы елдің ашуына тиді

Атышулы Бишімбаевтың ісі бойынша көпке танылған марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді тағы да елдің сынының астында қалды.

  • 10 Маусым
  • 213
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы ол шетелдік әншінің концертінен көрінген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айтбек Амангелді украиналық әнші Лободаның концертіне барған.

Десе де желі қолданушылыраны Айтбектің бұл әрекеті ұнамаған. Олар қарындасының жылын бермей жатып, бұлай той домалақта жүрмеу керектігін айтып жатыр.

«Әлі жылын бермедіңіздер, мұндай жерге барсаңыз да, желіге салмаңызшы, өтініш», «Жылдық асын өткізбей жатып, той тойлап жүргенің не? Ұят емес пе?», «Бір жағынан мұндай жерге барғаны да дұрыс шығар, тірі адам тіршілігін жасайды, бірақ желіге салып керек емес» жеп жазуда олар.

Айтбек Амангелді көпшіліктің сыни пікірлеріне шыдамай, кейіннен желідегі парақшасында аталған жазбаға пікір қалдыру мүмкіндігін бұғаттап тастады.

Айта кетейік, Айтбек Амангелді марқұм Салтанат Нүкенованың туған ағасы ретінде елге танылды.