Жарияланды: 380

Жылдың аяғына дейін Қазақстан экономикасына қосымша $15 млрд құйылады - Кәрім Мәсімов (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Жылдың аяғына дейін Қазақстан экономикасына қосымша $15 млрд құйылады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жылдың аяғына дейін Қазақстан экономикасына қосымша $15 млрд құйылады. Бұл Жалпы ішкі өнімнің 15% тең. Бұл осы кезеңде бізге жаңа секіріс жасауға мүмкіндік беретін және сыртқы нарықтың кері әсерін жұмсартуға жол ашатын қомақты қаржы", -деді Кәрім Мәсімов. "Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, бізге Ұлттық қордан $10 млрд дейінгі қаржыны экономиканы дамыту мақсатына жұмсауға рұқсат берілді. Оның $5 млрд - "Самұрық - Қазына" қорының капиталын арттыруға жұмсалады",-деді ол. "Бүгін республикалық бюджеттік комиссияның 2008 жылғы бюджетті нақтылау жөніндегі жиналысы өтеді, ал ертең үкіметтің осы мәселе арналған орытысы өтіп, құжат парламентке ұсынылады", - деді премьер. "Аса маңызды келесі бір мәселе - осы қаржының қалай пайдаланылуында, бұл жерде ашықтық болып, қоғамға есеп беріліп, қаржы қажетті бағытта жұмсалады деген түсіністік болуға тиіс, жаңа жұмыс орындары құрылып, жаңа кәсіпорындар ашылуға тиіс. Біз бұны қадағалайтын боламыз", - деді Кәрім Мәсімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін