Жылдың ең үздік спортшысы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылдың ең үздік спортшысы анықталды

Жылдың ең үздік спортшысы анықталды

Жалпы Қазақстан жанкүйерлерінің таңдауы бойынша биылғы жылдың үздік спортшысы анықталды. Бұндай сауалнаманы «Аламан» агенттігі оқырмандардың дауыс беруі арқылы жасады.

  • 21 Желтоқсан 2012
  • 400
Фото - Caravan.kz

Оқырман таңдауы бойынша Илья Ильин «2012 жылдың ең үздік спортшысы» атанып отыр. Мыңға жуық оқырман дауыс берген сауалнама қорытындысы бойынша ауыр атлет Ильин 50% дауыс иеленді. Ал екінші орынды боксшы Серік Сәпиев еншіледі. Оған оқырмандардың 28%-ы дауыс берген. Үздік үштікті Ақжүрек Таңатаров иеленді (8%).

Сондай-ақ оқырмандарының таңдауы бойынша жас ауыр атлет Нұрсұлтан Рахатов «жылдың ең үздік жас спортшысы» атағын жеңіп алды. Оған оқырмандарымыздың 27%-ы дауыс берген. Екінші орында шахматшы Жансая Әбдімәлік (23%). Анна Нұрмұхамбетова үздік үштікке енді (19%).