Павлодар облысының атынан облыстық байқаудың жеңімпазы атанған 6 психолог қатысып, өңір намысын қорғады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Байқауда психологтар берілген тақырыпқа эссе жазып, өздерін таныстырды, авторлық бағдарламаларымен таныстырып, психологиялық-педагогикалық жағдайларды шешу жолдарын ұсынды.
Конкурс қорытындысы бойынша павлодарлық психологтар «Ең үздік психолог», «Шеберлік қобдишасы», «Ең үздік практикалық іс-шара» және «Шебер психолог» аталымдары бойынша грамоталармен марапатталды.