Жылқыға шөп таба алмай отырғанда, киікке қайдан табамыз – депутат - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылқыға шөп таба алмай отырғанда, киікке қайдан табамыз – депутат

Жылқыға шөп таба алмай отырғанда, киікке қайдан табамыз – депутат

Мұндай пікірді Мәжілісте киік популяциясы мәселесін талқылағанда депутат Аманжол Әлтай айтты

  • 27 Мамыр
  • 11
ФОТО: Мәжіліс баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Смайылұлы киікті қолға алып, қысы-жазы тұрақты бағу керек деп айтты. Бұл – ақылға сыймайтын ұсыныс. Киік — көшпелі тіршілік иесі. Қыста жылы жаққа, ал жазда Батыс Қазақстан мен Арқаны жайлайды. Қысы-жазы баға алмаймыз. Жылқы мен сиырға шөп таба алмай отырғанда, киікке қайдан табамыз?», — деп атап өтті депутат.

Ол Қарағандыдан Жезқазғанға дейінгі аралықта киіктерге арналған бірде-бір экокөпір жоқ екенін қозғады. Жолдардың барлығы теміржол мен тас жолмен жабылғандықтан, киік өзінің көші-қон жолын ұмытып қалды.

Бұл бағыттар зерделеніп, олардың нақты маусымы белгіленуі керек. Киікке көктемде, төлдейтін уақытта қол тигізуге болмайды. Ал күзде, денесі толық семірген кезде, популяцияны реттеу қажет. Арқадағы киікті шіліңгір шілдеде басқа өңірге қалай айдаймыз? Әр облыста киік қабылдау пунктін ұйымдастыру керек, — деп айтты Аманжол Әлтай Мәжілісте.