«Жылтырақ өмірімен үйде отырған әйелдерді арбап, қымбатқа курстарын сатады»: Танымал журналист қаптаған коучтарды сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жылтырақ өмірімен үйде отырған әйелдерді арбап, қымбатқа курстарын сатады»: Танымал журналист қаптаған коучтарды сынға алды

«Жылтырақ өмірімен үйде отырған әйелдерді арбап, қымбатқа курстарын сатады»: Танымал журналист қаптаған коучтарды сынға алды

Танымал журналист Мөлдір Бақыт қазіргі таңда қаптап кеткен коучтарды сынға алып, олардың қарапайым халықтың ақшасын алып, қалай байып жатқандығын мәлім етті.

  • 21 Тамыз 2023
  • 876
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, халыққа коуч таңдағанда да сақ болу қажет, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын желідегі парақшасында жазды.

«Әйгілі Блиновская деген коуч үйқамақта отыр екен ғой. Қазақтарда да небір Блиновскаялар бар негізі… Собчак пен Блиновскаяның сұхбатын таң қалғанмын. Мәселе масштабта. 150 млн халқы бар Ресейде оның клиенті көп. Бізде де әйелдерге арзан курстар сатып, миллиондап ақша тауып отырғандар жетеді. Осы жерде бір нәрсе айтайын. Айнұр Тұрсынбаеваның курстардан қанша ақша табатынын алғаш мен есептеп, ФБ-да жазғам. Содан сайттар іліп әкетті. Ірі блогерлер назар аударды…

Пандемия кезі, Тұрсынбаева күнде кешкісін бір сағат бойы сабақ өткізеді. Курс бағасы 5 мың теңге. Оны кемінде 3 мың адам тыңдайды. Бір күні өзім сол курсты сатып алдым, қайда кетпеген 5 мың теңге деп ойладым. Апым әдемі әңгімесін айтады. Қарабайыр стиль, шайын сораптап қояды. Біреу есік қақса, қазір ашып келейін деп кетіп қалады. Сөйтіп отырып, 15 млн теңге табады.

Блиновскаялардың «подачасы» басқа, жарық студияда сықиып киініп, боянып алып, әңгіме айтады. Әрі орыс тілі тек Ресеймен шектелмейді.


Таргетпен, жарнамаға ақша құяды, есесіне миллиардтап қайтарады. Адам үйде сатпақ-сатпақ болып 1 сағатта 15 млн теңге тапса, Блиновскаяның одан көп, миллиардтап табатынын әбден сенуге болады…

Кешкісін Тұрсынбаева «біреудің ақшасын санау күнә» деп халыққа ренжіп, пост салды. Айтпағым, коуч таңдағанның өзінде бэкгруанды, жүріп өткен жолдары бар практиктерге назар аудару керек шығар. Әйтпесе, қазір небір шүйкебастар көп. Жылтырақ өмірімен үйде отырған әйелдерді арбап, қымбатқа курстарын сатады. Ешкім, ешқашан курс сатып байып кетпейді. Баю үшін «надо пахать!», — деп жазды ол.