Жылу маусымы жоғары тәуекелмен өтіп жүрген өңірлер анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылу маусымы жоғары тәуекелмен өтіп жүрген өңірлер анықталды

Жылу маусымы жоғары тәуекелмен өтіп жүрген өңірлер анықталды

Астананы дамыту мәселелері бойынша 3 маусымда өткен кеңесте айтылған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмалары бойынша Үкімет электр стансаларының қысқа әзірлігінің барысын күшейтті.

  • 9 Маусым 2011
  • 349
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінен хабарлады.

Жылу маусымы жоғары тәуекелмен өтіп жүрген өңірлер анықталды. Олар — Шығыс Қазақстан облысының Семей, Курчатов қалалары, Қарағанды облысының Теміртау, Жезқазған қалалары, Ақмола облысының Көкшетау, Степногор қалалары және Оңтүстік Қазақстанның Кентау қаласы.

Осыған орай, техникалық мамандарды тарта отырып, аталған өңірлерде энергонысандарға көшпелі тексерулер жүйесі енгізіліп отыр. Оған қоса, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің жанынан 2011-2012 жылғы жылу маусымына әзірлік жөніндегі үйлестіру штабы құрылды.

Осы штабтың кеше, 8 маусымда өткен бірінші отырысында Ақмола облысындағы «Джет-7» (Степногор) және «КөкшетауЖылу» кәсіпорындарының (Көкшетау) басшылары атқарылып жатқан жұмыстар туралы баян етті.

Жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша, анықталған проблемаларды жою жөніндегі ұсыныс-кеңестер әзірленді және олар Үкіметтің атына, Көкшетау және Степногор қалаларының әкімдіктеріне жолданды.

Алдағы күндері Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша есеп тыңдалмақ.