"Жымқырылған ақшаны орнына қойыңдар!": ҚТЖ қарызынан құтылу үшін билет үш есе қымбаттауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жымқырылған ақшаны орнына қойыңдар!": ҚТЖ қарызынан құтылу үшін билет үш есе қымбаттауы мүмкін

"Жымқырылған ақшаны орнына қойыңдар!": ҚТЖ қарызынан құтылу үшін билет үш есе қымбаттауы мүмкін

Халықты тегін тасып қарызға батқан ба ҚТЖ?

  • 13 Маусым
  • 20
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан темір жолы мемлекеттік қаржыландыруға тәуелді екен. Алайда ол барлық шығынды жаппайды. Сондықтан теміржол тасымалының құны халық үшін қымбаттауы мүмкін.

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Билет бағасы жолаушылар тасымалының шығынының бір бөлігін жаппайтындықтан, мемлекет теміржол тасымалын субсидиялауға мәжбүр. Шамамен 23 миллиард теңге. Мемлекеттік субсидиялау айналып келгенде салық төлеушілердің ақшасы. Сондықтан субсидияланатын бөлікті азайту мақсатында билеттер құнын көтеруді қарастыруға болады.

Бірақ бүгінде жолаушылар билеттерінің құнын көтеру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ деді министр.

Осы тұста журналистер ҚТЖ қарызынан құтылу үшін билет құны қаншаға қымбаттау керек деген сұрақ қойды.

Оған ҚТЖ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қанат Әлмағамбетов былай деп жауап берді:

«Шығынның бәрі ақталу үшін билет бағасы 3 есе қымбатқа сатылу керек».

Бұған дейін жоғарғы есеп палатасының төрағасы Әлихан Смайылов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қарызын төлемесе дефолтқа ұшырауы мүмкін екенін айтқан. Компанияның қарызы 2024 жылдың басында 2,9 триллион теңге еді.