Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бойжеткен сол түні болған барлық жайтты бейнеүндеу арқылы айтып берген.
«Біз залда отырдық, әңгіме айттық. Бір кезде, білмеймін ортасында қанша уақыт өткенін, бірақ бір мезетте Ақнәр шапшаң тұрып, екі қолы екі жақта, шыңғырып бастайды. Екі көзі қып-қызыл, бірақ мен не болғанын түсінбедім.
Жүгіріп барып: «Жаным-ау, не болды саған?» дедім. Шапалақпен ұрып, мені жерге құлатады. Дидар оны көреді, ол да шошып, Ақнәрға барады. Ақнәр оған да шапалақпен береді.
Содан кейін түсіндік, оның дұрыс еместігін. Ол өз-өзіне қол жұмсап бастағысы келген. Біз оны ұстадық, ол шыңғырып бастайды. Жұбатып, тыныштандырып бастаймыз, ол қатты қимылдағысы келді. Ұрғысы келді бізді, біз оны ұстадық. Кейін ол артпен менің көзіме қарайды: «Сенің анаң тозақта» деп айтады.
Мен түсінбей қалдым, менің анамды не үшін қарғап бастады деп. Менің әкемді қарғап бастайды, сосын сіңілімді айтады. Бүкіл менің отбасымды қарғап бастайды. Мен тек «қате, қате» деп айттым, басқа ешқандай боқауыз сөз оған қолданып көрген жоқпын.
Мен оның боқауыз сөздерін естігім келмегені сонша, мен жаймен оның аузын қолымен жауып отырдым. Жапқан кезде менің көзімнен жас ағып отырды. Көңіліме тиіп қалды сол кезде, жыладым. Сосын ол сүрелерді оқып бастайды. Біз түсінбей қалдық, не үшін сүрелер оқып бастағанын да түсінбей қалдық. Бірақ сол мезетте біз айттық: «Ойбай, құдай сені сақтасын» деп мен бір жақта айттым, Дидар бір жақта: «Саған не болды соншама» деп айтып, жұбатып отырдық.
Болмайды, ата-анасына қоңырау шалу керек дегенде, Ақнәр тұрып, маған отырып алып, ұрады, сосын мені мына бетімнен тістеп бастайды. Қатты шыңғырамын, сол мезетте Дидар туалетке қашады, ағасына аудио жібереді. «Ақнәр қасымыздағы бір қызды өлтіргелі жатыр деп аудио жіберді. Ол аудионы түсінуге оңай деп ойлаймын, біздің қасымыздағы бір қызды өлтіріп жатыр деп айтып жатыр ғой? Рано оны өлтіріп жатыр деп айтпаған. Тек Ақнәрдің ағасына жіберген. «Біздің қасымыздағы бір қызды өлтіріп жатыр» деп аудиосын жіберді.
Мен асханаға қашып шығамын, есікті жауып аламын. Ол есікті ашып, қайтадан мені ұрып бастайды. Шеткі дуалға бетімді ұрады. Мен тек қана өзімді қорғау үшін, екі бетімді жауып отырдым.