”Жын шайтанның жолында жүр” - Имам Дженнифер Лопес туралы пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Жын шайтанның жолында жүр” - Имам Дженнифер Лопес туралы пікір білдірді

”Жын шайтанның жолында жүр” - Имам Дженнифер Лопес туралы пікір білдірді

Имам Жандос Әшімұлы әлемге әйгілі Дженнифер Лопес туралы пікір білдірді.

  • 4 Тамыз
  • 217
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол блогер Өркен Кенжебектің жазбасында пікір етіп қалдырды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Әспеттеп отырған Джей Лоңызға табынбаймын, табынған да емеспін. Осы жылдың басында умрадан келе жатырмын, группамен барып, умраны аяқтаған соң шұғыл қайту керек болып, билет ауыстырып, группадан бөлек жалғыз қайттым. Айтайын дегенім Мәдина қаласынан Абу дабиға келдім. Абу Даби Астана рейсына топ қазақ тұрмыз кезекте. Көбі көпіріп Джей Лоның кешегі концерті деп тұр. Түсінгенім сол кезде Джей Ло Әмірліктерге келіп концерт берген. Залдың 80 пайызы қазақ болды деп мақтанып тұр біздікілер. Ішінде бір таныс жігіт кездесіп қалды, біраз жыл бұрын умра қажылықта бірге болғанбыз. Ол да арнайы ұшаққа және концертке билет алып келіп қайтып бара жатыр екен. Миыма симайды осындай нәрсе. Бөксесін миллион долларға жасатса шоу бизнестің адамы, қазақша айтқанда жын-шайтанның жолында жүр. Оған таң қалмайм. Бірақ бес парызына бекем деп жүрген діндар жігіттердің пәленбай ақшаға сол миллион долларлық бөксенің иесін көруге барғанын түсіне де, қабылдай да алмаймын. Бір ағамыз арағы бар тойды да, халал тойды да басқарып жүргенін көрген бір ақсақал: “Әй қарағым! Сен не дінмен бол, не жынмен бол!” — деген екен. Ол кісі одан кейін тек халал той басқарып кетті. Қашанға дейін дінмен де, жынмен де бірге бола береміз?..», — деп жазды имам.

Перейти к новостям спорта