"Жын шығарғыштар" адамды қорлап, психикасын бұзып, кейді тіпті ауру қылып жібереді - Ахметбек Нұрсила - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жын шығарғыштар" адамды қорлап, психикасын бұзып, кейді тіпті ауру қылып жібереді - Ахметбек Нұрсила

"Жын шығарғыштар" адамды қорлап, психикасын бұзып, кейді тіпті ауру қылып жібереді - Ахметбек Нұрсила

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила "жын шығарғыштар" туралы тағы сөз қозғады.

  • 15 Желтоқсан 2022
  • 85
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мына кәріс бауырымыз "жын шығарудың" маманы.. Кімнің ішіне жын кіріп кетсе барып шығартып алсаңыздар болады.. Ол христиан, мұсылман, буддасың ба қарамайды, барлық жындардың тілін біледі)))

Ол шығара алмаса мен шығарып беремін))) Бірақ қазір уақытым жетіспей жатыр мүлде… Жаңа жылдан кейін болмаса..

Егер қалжыңсыз айтар болсақ: Жер күнді айналады деген Галилео мен Джордана Бруноға халық не істеді?

Ибн Синаның заманында мәйіттерді сойған адамды өлім жазасына кесетін еді..


Сондықтан орта ғасырлық ертегілерге сенбей, небір алаяқтардың жемі болмай, ғылым білімге бет тұрған абзалы..

Кез келген мықты психотерапевт дәрігер бұл проблеманы шешіп бере алады, Ал "жын шығарғыштар" адамды қорлап, психикасын бұзып, кейді тіпті ауру қылып жібереді..

Жақында Жанар Даненова деген психотерапевт дәрігер ғалыммен сұхбат жасап ютуб каналға шығарамын.

Мүмкін Алматыда бірге семинар да өткіземіз", — деп жазды Ахметбек Нұрсила.