«Жынды екенімді білесіңдер. Әрімен жүріңдер». Ырысбала Икрамбай Жорабаевтар әулетінің келініне ренжулі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жынды екенімді білесіңдер. Әрімен жүріңдер». Ырысбала Икрамбай Жорабаевтар әулетінің келініне ренжулі

«Жынды екенімді білесіңдер. Әрімен жүріңдер». Ырысбала Икрамбай Жорабаевтар әулетінің келініне ренжулі

Белгілі блогер Ырысбала Икрамбай «Қайырымдылық жасасаңдар, өздерің үшін. Менің атымды араластырмай жасаңдар» деп ренішін білдірді. Талғат Жорабаевтың жары, блогер Аяулым Жорабаева қайырымдылық жұмыстарына айтылған оқырмандарынан келген сынды жариялаймын деп басы дауға қалды.

  • 2 Қараша 2022
  • 188
Фото - Caravan.kz

Аялым Жорабаеваға оқырмандарының бірі «Өздеріңе жоқ дегенде 5 миллион қалады екен. Ырысбалаға да көп ақша қалады», деп жазған. Ал бұған Ырысбала Икрамбай «Сен қызға 1040 адам пікір жазады. Неге дәл менің атымды қаралағанын елдің алдына шығарасың? Қызғаныш болса, айт. Сен сауап жинасын деп мен қоя тұрайын» деген жауап жазған.

Айта өтейік, екі блогер де әлеуметтік желінің көмегімен халықтан қаражат жинап, мұқтаж жандарға баспана сыйлап, қайырымдылық жұмыстарымен айналысады.

«36 үй алынды. Әрқайсынан 5 миллионнан алсам, осы уақытқа дейін 180 миллион болады екен. Анық солай болса, салоннан машина алып, бизнес бастап, коттедж алып, біраз адаммен араласпай кететін едім», — дейді Ырысбала Икрамбай. Және «Орамалдарына тиіспеймін. Бірақ, сол орамалдың абыройын түсірмесінші» «Менен аулақ жүріңдерші. Өтініш заһарларыңды шашпай, бетіме күліп сыртымнан сасық әңгіме айтпай беттерің жылтырамай мысықтілеулестер» деп жазып жатыр.