«Жынымды келтермеңізші!»: Серік Жұманғарин Дума депутаттарына жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жынымды келтермеңізші!»: Серік Жұманғарин  Дума депутаттарына жауап берді

«Жынымды келтермеңізші!»: Серік Жұманғарин Дума депутаттарына жауап берді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин ресейлік Дума депутаттарының қазақ жеріне  қатысты даулы мәлімдемесіне қарсы жауап берді.

  • 24 Желтоқсан 2020
  • 100
Фото - Caravan.kz


Ол бұл жайлы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

 "Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді біздің территориямыздың, шекарамыздың тұтастығына  қолсұғушылық жасаған ресейлік депутаттар мен саясаттанушыларға дипломатиялық тұрғыда тарихтан сабақ берді. "Еліміздің тарихын білетін адам ретінде мен бұған орыс тілінде "қысыр сыйырдың сандырағы" (это бред сивой кобылы) деп жауап қайтарар едім. Мұндай жағдай орын алғанда ең алдымен тарихқа жүгіну керек. СІМ басшысы ретінде бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымына сәйкес келмейтіні айтқым келеді". Қазақша айтқанда "жынымды келтірмеңізші!"- деді агенттік төрағасы.