“Жыныстық жолмен жұғатын індет менде болса, күйеуімде неге жоқ?”- Жамбыл облысының тұрғыны ақиқатын білді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жыныстық жолмен жұғатын індет менде болса, күйеуімде неге жоқ?”- Жамбыл облысының тұрғыны ақиқатын білді

“Жыныстық жолмен жұғатын індет менде болса, күйеуімде неге жоқ?”- Жамбыл облысының тұрғыны ақиқатын білді

Жамбыл облысының тұрғыны Ақмарал Рахметовадан ақ халатты абзал жандар "сифилис" деген ауруын анықтаған.

  • 14 Қыркүйек 2021
  • 2569
Фото - Caravan.kz

Алайда Ақмарал бұған күмәнмен қарайды. Жыныстық жолмен жұғатын бұл індет неге менде бар, күйеуімде жоқ,-деген сұрақ көкейін тесіп барады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы Дина Төлепбергеннің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Менде бар, күйеуімде жоқ.
Редакциямызға Ақмарал Рахметова хабарласты. Келіншек тұрмысқа шығып, жылға жетпей ажырасып кеткен. Шаңырағымды шайқалтқан — дәрігердің диагнозы дейді.

Ақ халаттылар оның қанынан мерез яғни “сифилис” ауруын анықтапты. Жыныстық жолмен жұғатын індет менде болса, неге күйеуімнен шықпайды деген Ақмарал күмән мен күдікті сейілтіп, ақиқатты анықтағысы келеді."- деп жазба жариялады.

 

Соңғы жаңалықтар