Бұл туралы Caravan.kz порталы zakon.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды
ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлағандай, 2021 жылы 26 ақпанда сағат 12:26 уақытында "Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесінің Боралдай — Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км мәжбүрлі түрде қонды.
Ұшақта екі экипаж және 3 жолаушы (медициналық қызметкер) болған.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ұшақ ұшу-қону жолағынан оңтүстікке қарай 1,5 шақырым жерге қонды (жыраға түсіп кетті).
Төтенше жағдайлар департаменті (7 қызметкер және 2 техника), Боралдай аэродромының авиациялық қауіпсіздік қызметі (15 қызметкер және 5 техника) оқиға орнына барды.