Ақын Мұхтар Шаханов Қазақстандағы ең жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталған болатын. Ақынға марапатты Президент өз қолымен Ұлттық Құрылтайда табыстаған еді. Марапатқа ие болған Мұхтар Шаханов сол мезетте Қасым-Жомарт Тоқаевқа бір өлеңін оқып берді.
Шындық кейде қалың «арпа ішіндегі бір бидай», Неге әділдік күресінде жұрттың көбі «Тымпибай?» Рухсыздыққа кім шын мінез көрсетпесе қырғидай, Ондайлардың бүгінгі аты – Ырбикүл мен Жырбибай, — деді Мұхтар Шаханов.