"Жүрек тұсынан төрт рет ұрған": Алматыда әлем чемпионын кім өлтіргені белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жүрек тұсынан төрт рет ұрған": Алматыда әлем чемпионын кім өлтіргені белгілі болды

"Жүрек тұсынан төрт рет ұрған": Алматыда әлем чемпионын кім өлтіргені белгілі болды

Алматыда 20 жастағы муай-тайдан әлем чемпионы Әли Серікті пышақтап өлтіріп кеткен болатын.

  • 27 Желтоқсан
  • 96
Instagram/Спорт министрлігі

Бүгінде күдіктінің кім екені анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Марқұмның туыстары Әлиге екі рет пышақ сұғылғанын айтады.

«Жүрек тұсынан ұрған. Төрт рет. Мойыннан ұрған. Қолында екі пышақ болған ғой. Қос қолдап екеуімен ұрған. Екеуі негізі бір мектепте, бір сыныпта оқыған»,  — дейді марқұмның анасы. 

Әлидің сыныптасы оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ көп ұзамай қолға түсті. 

«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының нормалары бойынша, бұл азамат қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Марқұмның туыстары тергеудің әділ жүріп, күдіктіге қатаң жаза тағайындалуын талап етіп отыр.