Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мопедті заңдастыру туралы толығырақ Астана қаласының Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының мемлекеттік авто-инспекторы Бекмұрат Ергеш айтып берді.
— Куәлік болмаған жағдайда немесе жүргізуші куәлігінен айырылған жағдайда мопедті басқаруға тыйым салынады, — деп қысқа қайырды Бекмұрат Ергеш Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, елордада жыл басынан бері мопед жүргізушілердің қатысымен төрт көлік апаты болды.
— Олардың жиі жасайтын құқық бұзушылық қатарына, жаяу жүргіншілер өтетін жерде ережені сақтамау, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өтіп кету. Төрт көлік апаты жағдайында да мопедші кінәлі. Жол ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес жауапкершілік қарастырылған, — дейді ол.
Бүгінге дейін елордада ресми 1341 мопед тіркеліп, куәлік берілді.
Айта кетейік, ел аумағында биыл 5 сәуірге дейін мопедтерді ресми тіркеу міндеті қойылды. Осы орайда тіркемегендерге қандай жауапкершілік көзделгенін жазған болатынбыз.