Сол күні онымен бірге көлікте тағы екі бойжеткен болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы желіде марқұмның туыстарының бірі хабарлады.
«Немере бауырым, бірдеме деп жазбастан бұрын, ойымды жинақтау керек болып тұр. Әлі күнге дейін сене алар емеспін. Бала кезімде жазғы каникул басталып, ауылға барғанда Лязкамен сені көруге асығатынмын-ақ.
Жүзің жылы, «Тутамас» деп ән айтып, крышадан өлең айтып, бізді күлдіртуші едің. Ер жетіп, отбасылы болып, жан-жаққа кеткенмен, сырттай тілекші болып жүретінмін.
Шыны керек, суық хабар естігенде сенгім келмеді. Бірақ жақсы адамды Алла паналайды деп естігенмін. Жатқан жерің жайлы болсын!
Сені ешқашан ұмытпаймыз, мәңгі есімізде қаласың», — деп жазған марқұмның туысы.
Айта кетейік, мереке күндері Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойында жантүршігерлік жол апаты орын алған еді. Апат салдарынан үш адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен еді. Кейіннен аталған жайт қоғамда резонанс туғызған соң, Алматы полициясының орынбасары қызметінен кеткен болатын. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.