ЖЖМ экспортына тыйым қазан айының басына дейін ұзартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЖЖМ экспортына тыйым қазан айының басына дейін ұзартылады

ЖЖМ экспортына тыйым қазан айының басына дейін ұзартылады

ЖЖМ экспортына тыйым қазан айының басына дейін ұзартылады, деп хабарлады мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

  • 21 Маусым 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Қазан айының басына дейін екені анық деп ойлаймын, ары қарай көре жатармыз» — деді С.Мыңбаев сейсенбі күні үкіметте.

Сондай-ақ, ол үкімет қаулысының сәйкес жобасы 1 шілдеге қарай қабылданады.

Бұрын хабарланғандай, ҚР мұнай және газ министрлігі (МГМ) мұнай өнімдерінің экспортына тыйымды 2011 жылдың 1 шілдесінен жыл соңына дейін ұзарту мәселесін қарастырып жатыр.

МГМ ақпаратына сәйкес, мұнай өнімдерінің экспортына салынған тыйымның мерзімін ұзарту «ЖЖМ нарығының тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында, егін егу жұмыстары кестесінің кешігуіне байланысты».

Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев Қазақстан Кеден одағы бойынша әріптестерімен келіссөздерден кейін мұнай өнімдерінің экспортына тыйымның мерзімін ұзартатынын хабарлады. «Біз (мұнай өнімдерінің экспортына тыйымды — ҚазТАГ) ұзартуды жоспарлап отырмыз, бұл туралы Кеден одағы бойынша әріптестерімізбен келісу керек», — деді С. Мыңбаев 31 мамырда.

Ол тыйымның мерзімі нарықтағы жағдайға байланысты болатынын айтты.

Сондай-ақ, МГМ маусым айында республиканың ЖҚС-тарында келесідей шекті бөлшек бағаларды белгіледі: АИ 92/93 бензині – литрі үшін Т102; Аи-80 – Т83; дизель отыны – Т87.

Қазақстанда егін егу науқаны кезеңінде ақшыл түсті мұнай өнімдерінің экспортына 1 шілдеге дейін тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар