«Зікіршілер бас көтере бастады»: түрмеден шартты түрде босатылған Исматтула шетелге қалай шығып кеткен? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Зікіршілер бас көтере бастады»: түрмеден шартты түрде босатылған Исматтула шетелге қалай шығып кеткен?

«Зікіршілер бас көтере бастады»: түрмеден шартты түрде босатылған Исматтула шетелге қалай шығып кеткен?

Башқұртстан Республикасында Бұлғар татарларының Ислам дінін қабылдағанына 1100 жыл толуына байланысты кең ауқымды ғылыми ағартушылық шаралар өткені белгілі.

  • 27 Қыркүйек 2022
  • 418
Фото - Caravan.kz

Осы тойға Қазақстаннан қадірлі қонақ ретінде Исматулла қари арнайы шақырылған болатын, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Бас муфтий Талғат Таджуддинов пен Исматулланың видеосы желіде кеңнен таралды. Әсіресе ол туралы Исамттуланың жақтастарының бірі, кезінде сол үшін өзі де сотты болған ғалым Саят Ыбырай біршеше мәрте арнайы пост жазды.

Дегенмен шартты түрде босатылған Исамттула Мақсмұның шетелге қалай шығып кеткені көпшілікті таң қалдыруды.

«Талғат Таджуддинов мырзаның Исматулла қариға құрмет көрсетіп, шақыру жолдағаны жалғыз бұл емес. Исматулла Мақсым түрмеден он жыл отырып, босап шыққанында құттықтап, қонаққа шақырған. Арнайы сый-сыяпат, таза ақ күмістен соғылған Құран Кәрім жібергені әлеуметтік желіде үш жыл бұрын біраз талқыланды. Исматулла қари денсаулығының жарамайтынын алдыға тартып, сондай-ақ шартты түрде босатылғанын айтып, шетелге шыға алмайтынын айтқанында: "Оған басыңыз ауырмасын, ол менің шаруам (яғни шетелге шығуға рұқсат алып беру)" деп, ешқандай уәжді тыңдаудан бас тартып еді. Қоярда қоймай, неше мәрте қолқалап, "Келем" деген уәдесін алғанына да екі жыл болыпты. Ал осыдан біраз ай бұрын Ресей мұсылмандарының Орталық діни басқармасы басшысының Уфада өтпек дүбірлі жиынға арнайы шақырған хатына ресми қол қоюшы "Руководитель Администрации ЦДУМ России, Председатель Оргкомитета" деп көрсеткен»,- деп жазды Саят Ыбырай.


Еске салсақ, 2011 жылы "сопылық ағымның жетекшісі" Исматулла Әбдіғаппар 14 жылға, Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры Саят Ыбыраев 12 жылға сотталған болатын. «Білім. Сенім. Өмір» діни бірлестік қауымдастығының жетекшілері «Экстремизм», «Қылмыстық топ құру», «Өлімге алып келетін заңсыз бас бостандығынан айыру», «Заңсыз дәрігерлік қызметімен айналысу» баптары бойынша айыпталған.