Мадридтiктердiң қазiргi ұстазы Карло Анчелоттидiң келiсiмшарты екi жылдан кейiн аяқталады. Шарт уақыты бiтiсiмен оның орнын Зидан басуы ықтимал.
Қазiргi уақытта француз футболшысы итальяндық жаттықтырушының көмекшiсi болып қызмет атқаруда. Оның бiрнеше жыл бойы «Реалда» ойнағаны белгiлi. Жыл басында ол спорттық менеджердiң дипломын алды. Бұның алдында бiрнеше рет Зидан команданы басқаруға әбден пiсiп, жетiлгенiн айтқан болатын.