Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі заңдарға түзетулер енгізу жобасы мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі заңдарға түзетулер енгізу жобасы мақұлданды

Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі заңдарға түзетулер енгізу жобасы мақұлданды

Мәжіліс бүгін пленарлы отырысында "Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі мәлімдеді.

  • 22 Маусым 2011
  • 332
Фото - Caravan.kz

«Авторлық және аралас құқықтар туралы заңға өзгерістер енгізу ұжымдық негіздегі құқықтарды басқаратын ұйымдар қызметін реттеуге бағытталған, ұжымдық басқару саласының әрқайсысы бойынша тек бір ұйымды аккредитациялауды қарастырады», — деп Әділет вице-министрі Әмірхан Аманбаев мәжіліс отырысында құжатты таныстыру барысында атап көрсетті.

Бұл түзету ұжымдық басқару саласының әрқайсысы бойынша аккредитацияланатын ұйымдар санына шектеу жоқтығына байланысты енгізіліп отыр, дейді ол.
Мәжілістің заң және сот-құқықтық реформа жөніндегі тұжырымдамасында бұл заң жобасы зияткерлік меншік құқығы мәселелерін реттейтін қазіргі заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қаралатыны мәлімделген.

Соңғы жаңалықтар