"Зор мақтаныш": Қасым-Жомарт Тоқаев Жансая Әбдімәлікті құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Зор мақтаныш": Қасым-Жомарт Тоқаев Жансая Әбдімәлікті құттықтады

"Зор мақтаныш": Қасым-Жомарт Тоқаев Жансая Әбдімәлікті құттықтады

21 жастағы қазақстандық шахматшы Гибралтарда өткен FIDE Women's Grand Prix (FIDE әйелдер Гран-при сериясының соңғы кезеңі) шахмат турнирінде жеңіске жетті.

  • 2 Маусым 2021
  • 79
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлікті FIDE Women`s Grand Prix турниріндегі жеңісімен құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

"Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты", — деп жазды Уәли.

Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз, деп толықтырды ол.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады. 


Айта кетейік, 21 жастағы қазақстандық шахматшы Гибралтарда өткен FIDE Women's Grand Prix (FIDE әйелдер Гран-при сериясының соңғы кезеңі) шахмат турнирінде жеңіске жетті.

Бұл турнир қазақстандық шахматшыға ерлер арасындағы гроссмейстер нормасын орындауға мүмкіндік берді, себебі турнирге басқа елдерден көптеген ерлер арасындағы гроссмейстерлер қатысты.