Зорланған ақтаулық алты жасар қыз қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зорланған ақтаулық алты жасар қыз қайтыс болды

Зорланған ақтаулық алты жасар қыз қайтыс болды

Қыздың организмі тіршілік әрекетін ұстап тұратын аппараттарға әсер етпей қойған. Ал дәрігерлер оның өмірі үшін соңына дейін күресті. Ақтауда зорланған алты жасар Викторияның өліміне қатысты нақты деректерді "University Medical Center" корпоративтік ұжымының баспасөз қызметі жариялап отыр.

  • 22 Қараша 2016
  • 609
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады. 

Бұрын хабарланғандай, Викторияны 20 тамыз күні Ақтау қаласында ұрлап әкетіп, зорлаған. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер  ыстық өтіп, қансырап жатқан қызды тауып алады. Көп ұзамай күдікті де қолға түсті. Бірақ ол кінәсін мойындамай отырған көрінеді.

27 тамыз күні қыз облыстық балалар ауруханасынан Астанадағы Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізілді. Оның жағдайы аса ауыр деп бағаланған, қыз үш ай бойы комада жатты.

"Жалпы ол 87 тәулік (зорланғаннан кейін — ред.) өмір сүрді. Бұл уақытта АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Израиль, Польшаның алдыңғы қатарлы мамандарының қатысуымен бірнеше консультациялар жүргізілді. Оны соңына дейін (аппараттармен), толық декомпенсация болғанға дейін, яғни организмі аппараттық ұстап тұруға әсер етуін толық тоқтатқанға дейін ұстап тұрды", — деді UMC баспасөз хатшысы Данияр Меңлібеков.