Зорлықшының оқушы қызға шабуылы: мектепте бейнебақылау камералары орнатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зорлықшының оқушы қызға шабуылы: мектепте бейнебақылау камералары орнатылады

Зорлықшының оқушы қызға шабуылы: мектепте бейнебақылау камералары орнатылады

 

  • 27 Қараша 2019
  • 38
Фото - Caravan.kz


Алматыда № 60 гимназияда қаскөйдің оқушы қызға шабуылдауынан кейін қосымша төрт бейне бақылау камерасын орнату шешімі қабылданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа камералар бюджеттік қаражатқа желтоқсанда орнатылады, бұл қаражат гимназияның сыртқы келбетіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмсалады деп жоспарланған. Бұл туралы Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Әбдіманапова айтты. "Демалыс кезінде әктеу және дәліздерді бояу жұмыстары жоспарланған болатын. Осы қаражатты төрт камера орнатуға жұмсау шешімі қабылданды. Олар мектеп аумағында орнатылады. Келер жылы қажет болған жағдайда тағы да қосымша камералар орнату мәселесін қарастырамыз", — деді Қарлығаш Әбдіманапова. Айта кетейік, Алматының Орбита-1 ықшамауданындағы № 60 мектеп-гимназиясының маңында 12 жастағы оқушы қызға зорлықшы пышақпен шабуыл жасады. Оқушы қыз қашып үлгерген. Оқиға 19 қарашада шамамен 10:30-да мектептен 500 метр жерде болған. Анасының айтуынша, қыз бала әзер дегенде құтылып, гимназияға қарай қашқан. Ер адам жылап бара жатқан қыздың артынан қуған. Күдікті 1969 жылғы ер адам, ол сол аумақта аула сыпырушы болып жұмыс істейтіні белгілі болды.
 

Соңғы жаңалықтар