Зүлфия Ғабидуллина Германияда әлем рекордын жаңартты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зүлфия Ғабидуллина Германияда әлем рекордын жаңартты

Зүлфия Ғабидуллина Германияда әлем рекордын жаңартты

Берлин қаласында тірек-қимыл аппараты мен көз жанарында ақауы бар спортшылар арасында Германияның ашық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

  • 10 Шiлде 2017
  • 536
Фото - Caravan.kz

 Жүзуден Қазақстан құрамасының сапында Наталья Звягинцева, Әнуар Ахметов, Дмитрий Ли, Ержан Сәлімгереев, Шахан Жолдасбаев, Бауыржан Қабақов, Сиязбек Дәлиев, Кирилл Ильюкевич және Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетуде. Чемпионат барысында Рио-де-Жанейродағы Паралимпиадалық ойындардың жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина ерекше көзге түсті. Ол финалда еркін стильде 200 метр қашықтыққа жүзу кезінде жаңа әлемдік рекорд орнатты, көрсеткіші — 03:26,65 секунд. Сонымен қатар, ол еркін стильде 100 метр қашықтыққа жүзу бойынша ең үздік көрсеткіш көрсетіп, 50 метр қашықтыққа шалқалап жүзуде екінші орынға ие болды.

Айта кетейік,  паралимпиадалық чемпион Зүлфия Ғабидуллина — жүзуден Қазақстан Республикасының халықаралық санаттағы спорт шебері, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, 12 мәрте әлем рекордын орнатқан.