Зульфия Сулейменованы министр болмай тұрғанда жұмыстан шығару туралы президент әкімшілігіне ұсыныс түскені рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зульфия Сулейменованы министр болмай тұрғанда жұмыстан шығару туралы президент әкімшілігіне ұсыныс түскені рас па?

Зульфия Сулейменованы министр болмай тұрғанда жұмыстан шығару туралы президент әкімшілігіне ұсыныс түскені рас па?

Зульфия Сулейменованы кезінде жұмыстан шығару туралы президент әкімшілігіне ұсыныс түскен көрінеді.

  • 14 Маусым 2023
  • 51
Фото - Caravan.kz

Бұл ұсыныс ол экология және табиғи ресурстар минстрі болып тағайындалмай тұрғанда болған,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы holanewskz-ке сілтеме жасап. 

Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, 2022 жылдың желтоқсан айында экс-министр Серікқали Брекешов президент әкімшілігіне вице-министр Сулейменованы қызметінен босатуға байланысты  ұсыныс жолдаған. Ұсыныста экс-министр өзінің орынбасарын жұмыстан шығаруға негіз болған 8 себепті көрсеткен.  Нәтижесінде қызметтен Брекешовтың өзі кетіп, Сулейменова министр болды, деп жазған holanewskz порталы. 

Брекешов не себепті вице-министрді жұмыстан шығарғысы келген?

Зульфия Сулейменова вице-министр кезінде еліміздегі ірі салық төлеуші компаниялардың бірі "СНПС-Актөбемұнайгаз" — ға экологиялық рұқсат беруден бас тартады. Вице-министр  аталмыш кәсіпорынға рұқсат бермеу үшін "ресми әрі шешуге болатын" себептерді көрсеткен.

Журналист Михаил Козачков Сулейменованың бұл әрекеті жеке себептерге байланысты болуы мүмкін екендігін айтады. Себебі, министрдің әкесі "СНПС-Актөбемұнайгаз"- да жеке мердігер ретінде жұмыс істеп, түрмеге түскен.


Экс-министр Брекешовтың айтуынша, Зульфия Сулейменова маңызыды құжаттарға қол қоятын уақытта  іссапарлар мен денсаулығына байланысты демалыста болғаны үшін  экология және табиғи ресурстар министрлігі  президенттің 50-ден астам тапсырмасын уақытында орындай алмаған.