Зумерлер мансап емес, мағына іздейді: Еркіндік пен жаңа ережелер дәуірі - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зумерлер мансап емес, мағына іздейді: Еркіндік пен жаңа ережелер дәуірі

Зумерлер мансап емес, мағына іздейді: Еркіндік пен жаңа ережелер дәуірі

Қазақстандық еңбек нарығында жаңа толқын. Зумерлер өз орнын табуда.

  • 29 Мамыр
  • 12
Фото: Youtube

1997–2012 жылдары туған бұл ұрпақ жұмысқа жаңа көзқараспен қарап, компаниялардағы дәстүрлі еңбек қатынастарына өзгеріс әкеліп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Нh.kz зерттеуіне сәйкес, жұмыс берушілердің 94%-ы зумерлермен жұмыс істеп көрген.

Негізгі ерекшеліктері:

Еркіндік пен икемділікке ұмтылады – 78%;

Жеке шекараларға құрмет күтеді – 55%;

Жұмыс өз көңілінен шығуы маңызды – 49%.

Бұрынғы буын миллениалдардан басты айырмашылығы – зумерлер мансап емес, мағына іздейді. Олар өз ісінен рахат алғысы келеді, ал шектеу мен қатаң бақылау мотивацияны төмендетеді.

Зерттеу зумерлердің эмоционалды интеллекті жоғары екенін көрсетеді. Олар қатал басқару стилін қабылдамайды, бірақ сенім мен ашық диалог жағдайында тиімді жұмыс істейді.