Зыряновскіде санитарлық дәрігерлердің талабымен мектепке дейінгі шағын орталық жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зыряновскіде санитарлық дәрігерлердің талабымен мектепке дейінгі шағын орталық жабылды

Зыряновскіде санитарлық дәрігерлердің талабымен мектепке дейінгі шағын орталық жабылды

Шығыс Қазақстанның ауданаралық мамандандырылған экономикалық сот шешімімен Зыряновскі қаласында мектепке дейінгі балалардың шағын орталығы, көптеген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындамағаны себепті, жұмысын тоқтатты, деп ШҚО облыстық сот баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2011
  • 642
Фото - Caravan.kz

«Сот Зыряновск ауданы бойынша мемлекеттік санэпидқадағалау басқармасының жеке кәсіпкер З. Камалиеваға шағымын қанағаттандырып, анықталған санитарлық норма бұзушылықтары толығымен жойылмайынша мектепке дейінгі шағын орталық жұмысын толығымен тоқтатты», — деді соттағылар.

Азаматтық іс материалдарында көрсетілгендей, желтоқсан айында Зыряновскідегі «Көбелек» атты мектепке дейінгі балалардың шағын орталығын тексергенде орталықтың санитарлық-эпидемиологиялық рұқсатынсыз жұмыс істеп жатқандығы анықталған.

Бөлмелердің жобалық нормаларға сай келмейтіндігі, балалардың тұрғынүй тұрғындарымен ортақ дәлізбен кіретіні, ойын алаңдарының, қалқаның жоқтығы, төсек жапқыштарының аздығы, жеке ілгіштерімен қол сүлгі ілгіштері, жеке гигиена мүліктері бар қабырға шкафтарының жоқтығы, персоналдың медициналық кітапшасының жоқтығы да анықталыпты.

«Бұзушылықтардың бір бөлігін орталық кетіргенімен қайта тексеру барысында орталық санитарлық рұқсатты алмағаны тағы анықталыпты. Одан басқа, бұрынғысынша балаларға кіретін бөлек есік пен ойын алаңдары жоқ екен», — деді соттағылар.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар