Алматыда жол полицейлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол полицейлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды

Алматыда жол полицейлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды

Әлеуметтік желілерде алматылық полиция қызметкерлерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандығы туралы бейне көрініс жарияланды.

  • 26 Тамыз 2016
  • 1341
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға шамамен 2016 жылдың 25 тамызында Мұқанов көшесінің бойында (Жамбыл мен Шевченко көшелерінің аралығы) болған. 

Жол полициясының патрульдік автокөлігі алматылық жүргізушілердің бірінің бейнетіркегішіне түсіп қалған.

Бейнебаянның астына: «Полиция қарсы жолақта жылтылдайтын шамдарын жақпай өтіп бара жатыр. 2016 жылдың 25 тамызы. Борттық нөмірі — 124, мемлекеттік нөмірі — 578 КР 02 полиция машинасының жүргізушісі көлік жүргізу құқынан айрыла ма? Полиция машинасы Мұқанов көшесі бойымен оңтүстік бағытта Жамбыл мен Шевченко көшелерінің аралығында кетіп бара жатты», — деп жазылған. 

Алматы қалалық Ішкі істер департаментіндегілер бейнетаспаның Жергілікті полиция қызметіне тапсырылғандығын хабарлады. 


Соңғы жаңалықтар