"Соңғы үлгідегі Lexus. ВИП номерінің өзі 5000 доллар": Тараз қаласындағы мешіт имамы қызу талқыға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Соңғы үлгідегі Lexus. ВИП номерінің өзі 5000 доллар": Тараз қаласындағы мешіт имамы қызу талқыға түсті

"Соңғы үлгідегі Lexus. ВИП номерінің өзі 5000 доллар": Тараз қаласындағы мешіт имамы қызу талқыға түсті

Желідге тараған видео халықтың қызу талқысына түсті

  • 26 Сәуiр
  • 1819
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Садыков Оразбековтың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Садықов Оразбеков халыққа үндеу жолдады. Айтпағы, қандай да бір садақа берер болсаңыздар, мешітке емес, өзге сырттағы мұқтаж халыққа беріңдер. Мешітке берсе, имамдар соңғы үлгідегі көлікті мініп алады-мыс.

«Міне, көріңіздер, мешітке берген пітір садақа, баска садақалар, қай жаққа кетіп жатыр. Жетімдерге емес, мүгедектерге емес, қиналып жатқан жанүяларға емес, су тасқыннан зардап шеккендерге емес. Семіргеннен, сонғы үлгідегі шыққан Лексусты алып жатыр. Көліктің ВИП номерінің өзі 5000 доллар тұрады дейді. Бұлар да шенеуниктердін бір түріғой.

Мені, көпшілік болған жерге жақындамасын, бармасын, арласпасын, бұл корықпай қайтпай шындық айтады деп, қай қалада болсада мешітке келмесін деп, қысым жасайды, намысыма тиетін сөздер әтеиі айтады. Имамнын бас пропагандасы, максаты — сабыр болыңдар, басшыларға Қытай болсада бастарыңды иіңдер дегендей.

Бұл кішкентай Тараз қаласының көп мешіттерінің ішіндегі бір мешіттің бір имамы.

Пітір садақаны ләжі болса балалары көп, қаңтарда зардап шеккен, жағдайы жоқ жанұяларға, ауырып жатқан емге ақша жетпей жатқан азаматтарға берген қабыл болады, таза ниетімен 50- 100 тенге болсада. Берген пітір садақаларыңыз, басқа садақаларыңыз, АЛЛА дан сұраған дұғаларыңыз қабыл болсын ағайын!», деп жазды.

«Садақамен өмір сүреді», «Әлеуметтік паразиттер», «Крутой молда», деп жазды оқырмандар.

13

Соңғы жаңалықтар