Семейде келіншек күйеуін пышақтап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде келіншек күйеуін пышақтап өлтірді

Семейде келіншек күйеуін пышақтап өлтірді

Кезекті отбасылық драма кісі өлімімен аяқталды. Мас күйінде әйеліне қол көтерген ер адам пышақталып, қаза тапты.  

  • 23 Шiлде 2016
  • 436
Фото - Caravan.kz

Сотта марқұмның әйеліне жиі қол көтергені белгілі болды. Өзін-өзі қорғаймын деп, шектен шыққан іс бойынша сот процесі ұзаққа созылды. Нәтижесінде, 25 жастағы айыпталушы бас бостандығынан айырылды, деп жазады «YK-news.kz».

Қылмыстық іс материалдарында айыпкердің сөзі келтірілген. Онда ол өте бақытты отбасы болғанын, ортақ некеден екі баласы барлығын айтқан.

Уақыт өте келе күйеуі жиі ішімдік ішіп, бірнеше рет әйеліне қол көтергені және ол туралы тек жақын туыстары ғана білгенін көрсеткен.

Қанқұйлы оқиға жаңа жыл қарсаңында болған. Аяқасты жанжалда әйелі ажырасамын деп күйеуін қорқытқан. Сол сәтте ішімдікке мас күйеуі қолына пышақ ала жүгірген, қорыққан әйел оны итеріп жібереді. Күйеуі жерге құлағанда, пышақты әйелі алып, қашып құтылмақ болғанда, есіктің құлпы ашылмай қалады. Осы кезде зорлық-зомбылық көрем деп үрейленген әйел күйеуінің жүрек тұсына пышақ сілтеп, оны ауыр жаралайды. Өзі бірден жедел жәрдем шақырған. Зардап шегуші ауруханада қайтыс болды.

Сотта марқұмның туыстары айыпталушы жауабымен мүлдем кереғар куәлік берді. Олардың айтуынша, айыпкер үнемі күйеуін арандатып келген, спирттік ішімдіктер ішкен және күйеуінің көзіне шөп салған. Марқұмның әкесі келіні ұлын қасақана өлтірді деген уәж айтады. 


Сот айыпкердің әрекетін қорғану үшін болған деп таныды және оған екі жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар