«2011 жылғы 19 қарашада 11 сағатта Алматыдағы «Астана» алаңында Қазақстан диабетиктер қауымдастығы мен «Аcierto» комапниясы алматылықтар мен қала қонақтарын «Диабет: әрекет ететін кез келді» флешмобына шақырады (алаңда «көгілдір шеңбер» құру акциясы, бұл БҰҰ бекіткен диабетпен күрестегі бірлік пен күш-жігерді біріктіру символы) Онда жастар ұйымының өкілдері мен бұл проблема таныс барлық қатысушылар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрады», — делінген жұма күні таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, көгілдір шеңбер «Барлығымыз бірге диабетке қарсы» әлемдік қозғалысының символы. Оған Қазақстан да қосылған.
Флешмоб әлеуметтік «Диамарафон – 2011» акциясының аясында өтеді.