Қиындықтың артында бір жақсылық тұр - Президент - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қиындықтың артында бір жақсылық тұр - Президент

Қиындықтың артында бір жақсылық тұр - Президент

Су тасқыны түптеп келгенде елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

  • 25 Сәуiр
  • 36
Фото: ашық дереккөз

Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар тың жерге қоныстанып, жаңадан бой көтереді. Жол салынады, су тартылады. Ауылдарымыз мүлде жаңа келбетке ие болады. Ол ҚХА отырысындағы қорытынды сөзінде сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басатынын атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Бәрі де жақсы болады. Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз.

Біздің мақсатымыз – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауды Президент ретіндегі ең басты міндетім деп санаймын. Осы қастерлі міндет Әділетті Қазақстанды құру және белсенді әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізу арқылы ғана орындалады. Биік мақсатқа жету үшін түрлі кедергіден өтеміз, барлық қиындықты жеңеміз. Ауқымды міндеттерді орындаймыз. Біз еліміздің басты құндылықтары мен бағыт-бағдарынан айнымаймыз. Мемлекеттілігімізді нығайтып, тәуелсіздік туын әрдайым биік ұстаймыз. Мен бұған нық сенемін және сол үшін бәрін жасаймын.

Бұл – менің президенттік әрі перзенттік парызым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», — деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар