«ШЫҰ елдері жиынтық ұсыныспен БҰҰ басшылығы мен Гаага трибуналына шығуы тиіс деп ойлаймын. Халықаралық тергеу жүргізіп, адамзатқа қарсы осы қылмысқа қатысы бар барлық ұйымдар мен персоналарды жауапкершілікке тарту керек», — деді ол сәрсенбі күні ШЫҰ мерейлі саммиті барысында.
Н. Назарбаевтың мәліметтерінше, соңғы 10 жылда ауғандық героин мен есірткі трафигі ондаған есеге артып отыр.
«Әрине, адамзатқа қарсы осы сорақы қылмыстың қайнар көзі мен себептері Ауғанстаннан тыс жақта екені түсінікті де», — деді ҚР президенті.