"Қазақтың бұлбұлына "Еңбек ері" берілмеген": Мақпал Жүнісова өзін сахнада арақ ішіп, ән айтады деп айыптаған Майра Ілиясовамен тағы да кетісті - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтың бұлбұлына "Еңбек ері" берілмеген": Мақпал Жүнісова өзін сахнада арақ ішіп, ән айтады деп айыптаған Майра Ілиясовамен тағы да кетісті

"Қазақтың бұлбұлына "Еңбек ері" берілмеген": Мақпал Жүнісова өзін сахнада арақ ішіп, ән айтады деп айыптаған Майра Ілиясовамен тағы да кетісті

Қазақтың ән өнерінің падишасы Мақпал Жүнісова өзін сахнада арақ ішіп, ән айтады деп айыптаған әнші Майра Ілиясоваға жауап қайтарды.

  • 18 Маусым
  • 459
Instagram/Мақпал Жүнісова

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Мақпал Жүнісова өзінің желідегі парақшасында қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегеноваға «Еңбек ері» атағы берілмегенін атап өтті. Ол оны опера әншісінің қызынан білген.

Сонымен бірге ол: «Қазақтың ұлы әншісі, бұлбұлына Бибігүл Төлегеноваға осы күнге дейін ”Еңбек Ері“ деген атақ берілмегенін бүгін қызының аузынан естіп, таң қалдым, арамызда жүргенінде неге 95 жасқа дейін марапаттамаған екен?», — деп жазды.

Бір қызығы әнші онда Майра Ілиясовамен бірге түскен суретін жүктеген. Көпшілік оны Ілиясованың айыптағанына орай берген жауабы деп болжаған.